Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

«Өсу нүктелері» құзіреттілік орталықтары,

«Мектепке дейінгі ұйымдар тобында күні бойы екі тәрбиеші»

пилоттық жобалардың жұмысын ұйымдастыру.

МККҚ «Нұрлы болашақ» балабақшасының базасында Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесіне мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласындағы озық тәжірибені тарату және енгізу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін» іске асыру шеңберінде «Құзіреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі тәрбиеші» пилоттық  жобасын өткізілетін эксперименттік алаңдарды ұйымдастырып,ECERS-3 сапаны бағалаудың  халықаралық шкаласы бойынша бағаланып өткізілді.

Пилоттық жобаның мақсаты-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде апробациядан өткен және ұсынылған инновацияларды одан әрі одан әрі тарату үшін обьективті бағалау мен шешімдерді әзірлеу мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы педагогикалық тәсілдердің пәрмендігін практикада тексеру.

Пилоттың жобаның міндеттері:

-тікелей әкімшілік басқарудан мотивациялық жүйе қалыптастыруға,педагогтердің шығармашылық бастамасын дамытуға көшу

-баланың дамуына әсер ететін қоршаған ортаның нақты көрсеткіштері негізінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын басқару  тетігін әзірлеу

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру

-сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мектепкек дейінгі ұйымдардың әлеуітін арттыру

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көшбасшы-басқарушылар корпусын құру.

-білім беру сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жақсарту.

Пилоттық жобалардың критерийлері:

заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база

заттық-дамытушы орта

білікті педагогтар

үздік педагогикалық тәжірибе

ата-аналарды тартудың тиімді тәжірибесі

«Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойына екі тәрбиеші» пилоттық жобасына МККҚ «Нұрлы болашақ» балабақшасының ортаңғы «Қонжық» тобы қатысып отыр.Қазақ тобында 25 бала.

I .Жобаларды жүзеге асыруға 2 тәрбиеші 25 ата-ана қатысты.

II.Педагогтармен жұмыс:

Күнделікті тәрбиешілердің бақылауы (қосымша 2)

Екінші қосымшаға сәйкес сәйкес біз Торбай М.А.,Байтохина Л.Т. өз бақылауымызды күн сайын бақылау алжапқышы арқылы балаларды зерттеуден бастадық.Әр баланың қызығушылығына қарай топтастырдық.Балабақшадағы күн тәртібіне циклограмма негізінде жұмысымызды жүйелі жүргізіп отырдық.Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып,бірлескен жұмыс жүргіздік.Күнделікті заттық-+дамытушы ортаны балалар қажеттілігіне қарай күн де түрлендіріп отырдық.Бастапқы кезде балаларды ұйымдастыру қиындықтар туғызды,балаалар жұптасып ойнап кете берді,оларды топта ойнауға бағыттадық.Таңғы қабылдауда көңіл-күйлері болмаса,әдемі әуендер тыңдатып түрлі смайликтер кейіпіне түсуге шақырдық.Баламен жеке сөйлесу жұмыстарын жүргіздік.

Ойындарды бақылау процесінде топтасып,жұптасып ойнауды,бірін-бірі құрметтеуге сыйлауға үйренді.Тәрбиеші балаларға бағыт бере отырып,балалардың ойларын тыңдап,достыққа шақырды.

Сонымен қатар топтың ережесі,тәртібі балалармен түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.Қол шапалақ жаңа ойын басталатын хабарлау,қоңырау соққанда топта ойнау керек екені,қолды жоғары көтергенде жұптасып ойнау керек екендігін балаларға хабарлап айтты.Ойын олар үщін қызықты сәт екенін түсіну керек.Балаларға күні қызықты жалғасу үшін ертегілер тыңдатылып,мульфильмдер ұсынылды.Ойын уақытында келеңсіз жайттар орын алса,оларды достыққа ,татулыққа шақырып,мақалдар айтқызып,жаңылтпаш жаттауға үйреттік.

Ойынның түрлеріне қарай балаларды топтастырып,ұяң балаларды сөйлетуге сюжетті-желілі ойындар пайдаланылды.Пилоттық жобадағы шарт бойынша екі тәрбиеші бірін-бірі толықтырып отырды.Заттық-дамытушы ортаны  түрлендіріп,танымдық-дамытушы ойындар көптеп қолдана бастадық.Бастапқы уақыт балаларды ұйымдастыра алмай қиыншылық тудырды,бертін-келе балалар өз қызығушылықтарына қарай орталықтарға бөлініп, ортаны дұрыс пайдалануды,топтасып ойнауды үйрене бастады.Пилоттық жобаны қиындықтары да кездесіп жатты жұмыс уақыты ұзақтығы тәрбиешілерге әсер етіп жатты.

III  МДҰ әдіскері,психолог маманның бақылауы (қосымша 3)

3-қосымша бойынша Әдіскердің бақылауы негізінде (Екі тәрбиеші ) пилоттық жобаға қатысушы тәрбиешілер жұмыстары күн тәртібі бақыланды және қорытындыланды.3 қосымша сұрақтары негізінде бақыланып,жетістіктер мен кемшіліктер анықталып,уақытылы ескеріліп,түзетіліп,жаңаша бағыттар берілді.Балаларда дағдылар қалыптаса бастады.Бұрынғы тәрбиешілер бастауымен жүретін балалар да еркіндік,өз ойларын еркін жеткізіп жатты.Тәрбиешілер жоба барысында  балалармен іс-әрекеті мен қарым-қатынасы оқу мен дамудың нәтижелерін бақылап,анықтап отырды.

IV Аймақтық әдіскер бақылауы.