Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі тегін кеңес беру пунктің жұмысы
Консультациялық пункт (одан әрі КП) , ҚР « Білім туралы» Заңына сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалар мен ата - аналарына консультациялық көмек береді.
Ата–аналардың сұранысы бойынша отбасымен жұмысты МДҰ психологі мен логопеді тікелей байланыста жүргізеді.
Консультативтік пункт құрудың негізгі мақсаттары: - мектепке дейінгі білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету; - отбасылық және мектепке дейінгі тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету; - мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелейтін ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Консультативтік пункт негізгі міндеттері: - баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету және олардың психологиялық құзыреттілігін арттыру; - балалардың интеллектуалдық, эмоционалдық және ерік-жігерлік сферасының дамыту, - мектепке немесе мектепке түсу кезінде балалардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету; - ата-аналарды (заңды өкілдерді) баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсету.
Консультативтік пункт қызметінің қағидаттары: -балалармен және ата-аналармен
(заңды өкілдермен) жұмыс істеуге жеке-бағдарлы көзқарас); - әлеуметтік-
педагогикалық кеңістік субъектілерінің ынтымақтастығы; - тәрбие жүйесінің
ашықтығы.
Психологиялық-педагогикалық консультативтік пункт жұмысының нысандары: - ата-аналарға (заңды өкілдерге) күндізгі кеңес беру); - ата-аналардың (заңды өкілдердің) қатысуымен баламен түзету-дамыту сабақтары); - баламен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін үйрету мақсатында ата-аналармен және олардың балаларымен бірлескен сабақтар; - МДҰ мамандарын тарта отырып, ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған мастер-класстар, тренингтер, практикалық семинарлар (бекітілген кестеге сәйкес ай сайын).
Кеңес беру пункті МДҰ меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес аптасына 3 рет жұмыс жасайды
Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз!
БІЗ СІЗДЕРДІ ата-аналарға арналған МКҚК «Нұрлы болашақ» балабақшасындағы -дағы консультативтік пунктте күтеміз:
Қобда ауданы,Астана көшесі,45 үй.
Кеңес беру пункті мамандарының жұмыс уақыты
| № | Апта күндері | Жұмыс кестесі |
| 1 | Дүйсенбі | 14.30-17.30 |
| 2 | Сәрсенбі | 14.30-17.30 |
| 3 | Жұма | 14.30-17.30 |
Мамандардың жұмыс кестесі сағат : 14.30 дан 17.30-ға дейін
Консультативтік пункт маманының кеңесін алу үшін өтініш беруші өзінің ата-ана мәртебесін растайтын жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІНЕ БАРУ МҮМКІНДІГІҢІЗ ЖОҚ БОЛСА
Барлық сұрақтарыңызды +7 (71341)21453,+7 (705)4748829 телефондары арқылы қоюға болады.
Телефонмен сөйлескен кезде қоңыраудың мақсатын айтыңыз:«Кеңес беру пунктіндегі» маманның қабылдауына жазылыңыз».
Сондай-ақ ата-аналар кеңес беру пунктінің маманына ескерту арқылы kobdanurly @mail.kz электрондық поштасы арқылы қашықтан хабарласа алады
Консультативтік пункттің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және балаларымен жұмыс түрлері:
Сауалнама, тесттер
Ата-аналармен түрлі акциялар өткізу
Жарнамалық ақпаратты тарату
Ата-аналарға арналған Ашық есік күні
Сауалнама, отбасымен әңгімелер
қайырымдылық акциясы
Ата-аналарға арналған жадынама
| № | Консультативтік пункттің жұмыс жоспары 2025-2026 оқу жылы | Скачать |
|---|---|---|
| 1 | Бұйрық | |
| 2 | Кеңес беру пунктінің ережесі | |
| 3 | Кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары | |
| 4 | Кеңес беру пунктінің іс- шаралар жоспары | |
| 5 | Мамандар тізімі | |
| 6 | Жұмыс кестесі |
Консультативтік пункттің жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылы
Консультативтік пункттің жұмыс жоспары 2023-2024 оқу жылы
Кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы
"Батыр боламын" Спорттық эстафета
Ата-аналар назарына!
"Бақыт Аралы"
Ересек топтар
"Нұрлы болашақ" балабақшасы
"Ұлттық тәрбие-балабақшада" атты ата-аналар жиналысы
«Ұлт ойыны-ұлт қазынасы» шебер сынып аясында жұмыстар ұйымдастырылды.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында жас ұрпақтың тағдыры ұстаздар қолында.Шебер сыныпты ересек топ тәрбиешілері М.А.Торбай «Киіз басу» әдісімен бөліссе,жүн сабау,жүн түту әдістерін Кушпантаева А.Р көрсетіп ,ұлттық ән айтылып,ұршық ируден жарыс ұйымдастырылды.Н.Т.Елеманова «Ши тоқудан» шебер сынып көрсетті.Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, тәжірибе алмасу,балабақшаның басты назарында. @qobda_bilim_bolimi
Тақырыбы: “Абайла балақай!”
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін еске түсіру арқылы ой өрісін, тілін дамыту.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету ұғымын қалыптастыру.
Балаларды жолда абайлап жүруге үйрету. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын ойнату арқылы балалардың білімдерін тиянақтау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. @qobda_bilim_bolimi