Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Хобдин ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 45 үй
8 (7132) 21-4-53
8(71341)21-4-53
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ

“Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 21 ақпандағы  57 бұйрық негізінде конкурстық комиссия мүшелері өтініш берген педагогтардың құжаттарын зерделеді.

 

«Нұрлы болашақ» балабақшасында жастардан бастап аға буынға дейінгі қызметкерлерге  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, өйткені азаматтардың кез келгені алаяқтың құрбаны болуы мүмкін екендігі түсіндірілді.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын -алу,ақша жинауға  тиым салу  туралы кіші қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары.

 

Президент Ұлттық Құрылтайда:

«Біздің көк төлқұжатымыз әлемдегі 92 мемлекеттің аумағына визасыз емін-еркін кіруге мүмкіндік береді»

@ptrk.kz

 

Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы 

2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды. 
Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.

Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.

Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. 
Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.

Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.

Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.

Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен.

Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады.
 https://www.instagram.com/p/DIBUbXiqbBQ/?igsh=NGsxcTdpc2pla2Ux

 

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Мысалы, тергелген алаяқтық дерегі бойынша «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды.
Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421  млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.
Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге.
Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды.
Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы 6 талап-арыз жолданады – бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті.
Біз барлық проблемалық құрылыс нысандарын бақылауда ұстаймыз.
Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарын талап етуге шақырады, мысалы:
уәкілетті оператордың кепілдігі;
екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы;
тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы.
Егерде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әкімдің жанындағы құрылыс Басқармасына немесе сот және прокуратура органдарына арыз жазуға болады.
 Меншік пен мүліктеріңізді қорғаңыз!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

 

Заңды қорықпай, құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады?

Оған жауап – профилактикада, білім беруде және дана тәлімгерлікте.

Бүгін, өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген.

Нағыз қауіп - құқықтық сауатсыздық.

Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу. Бұл пәндіқызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады.

Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде – ол қорқыныш пен бейбастақтық емес, бағыт пен тәртіпке ие алады.
Хабардар адам қаруланғанмен тең.

Егер жасөспірім алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөлісе алса – бұл жаман ба?

Біз мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз.

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті.

Демек, дұрыс тәрбие мен заңды білу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз.

ҚР Бас Прокуроры Б.Н. Асылов

 

“Нұрлы болашақ” балабақша қызметкерлері арасында, Қобда ауданы ПБ-нің ЖПҚБ-нің КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Нуртазин Азат Бериковичтың қатысуымен,”Алаяқтың алдын алу бойынша” түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бұйрық 11 наурыз 2025

2022-2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары

“Нұрлы болашақ” балабақша ұжымы арасында “Жемқорлыққа- жол жоқ” және « Алаяқтыққа қарсы күрес “атты сурет байқауы өтті.

 

"Қарлығаш" ортаңғы тобы

 

"Нұрлы болашақ " балабақшасында қазіргі кезде қоғамдағы белең алған алааяқтар құрығына  ілікпеу туралы ұжымда түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Осы аталған мәселеге байланысты еліміздегі болған көптеген келеңсіздіктерге тап болмай, ұялы телефоннан алааяқтықпен хабарласатындарға әр адам сақтықпен ешқандай есепшот банктегі қаражат сақтау, банктер коды т.б. айтпай құпия сақтаулары туралы мысалдар келтірілді.

 

«Нұрлы болашақ”балабақша ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.