Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Хобдин ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 45 үй
8 (7132) 21-4-53
8(71341)21-4-53
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  №355 бұйрығымен бекітілген  (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023№56)  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік кағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес:

МКҚК «Нұрлы болашақ»"балабақшасы, 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды кабылдайтыны туралы хабарлаймыз!

•Ұсыныстарды қабылдау  күнінен кейін он жұмыс күні  ішінде жүзеге асырылады.

•Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

-жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

-жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

-ата-аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

-қайырымдылық жасаушылар (бар болса),

-педагогикалық еңбек ардагерлері,

-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Комиссияға  мынандай құжаттарды ұсынады:

-Өтініш,

-үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,

-қазақ және орыс тіліндегі түйіндеме,

-білім туралы құжаттың көшірмесі,

-соттылығы мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын  растайтын құжаттар.

«МКҚК «Нұрлы болашақ» қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын  қабылдау:

• Қобда  ауданы, Астана көшесі, 45 үй  мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Электронды мекен-жайы:Kobdanurly @mail.kz

Байланыс телефоны: 8 (7132) 21-4-53.

Қосымша сұрақтар бойынша:

#87716871057