Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Хобдин ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 45 үй
8 (7132) 21-4-53
8(71341)21-4-53
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ
«Еркетай» тобында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Кемпірқосақ күні» көңілді іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың табиғат құбылыстарына деген қызығушылығын арттырып, кемпірқосақтың түстерімен таныстыру.
Балалар кемпірқосақтың жеті түсін атап, оларды ажыратуға арналған қызықты тапсырмалар орындады.
Түрлі түсті ойындар мен қимылды жаттығулар арқылы балалардың белсенділігі мен танымдық қабілеттері дамытылды.
Балалар түстерді сәйкестендіріп, түрлі шығармашылық жұмыстар орындап, өз қиялдарын көрсетті.
Көңілді ойындар барысында балалар бір-бірімен достық қарым-қатынас жасап, топпен әрекет етуге үйренді.
Кемпірқосақ бейнесі балалардың шығармашылығын оятып, әсемдікке деген қызығушылығын арттырды.
Іс-шара барысында балалар табиғатты бақылауға, оның әсем құбылыстарын бағалауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиеленді.
Балалар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ерекше қуанышқа бөленді.
«Кемпірқосақ күні» балалардың көңіл күйін көтеріп, есте қаларлықтай қызықты әрі танымды мерекеге айналды.