Жазғы сауықтыру кезеңінде балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, әкелердің балабақша өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Көңілді старт» атты әкелер сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында әкелер түрлі эстафеталық жарыстарға қатысып, шапшаңдық, ептілік және күш сынасты.
Балалар өз әкелеріне жанкүйер болып, қолдау көрсетіп, спорттық жарыстың қызықты өтуіне атсалысты.
Сайыс барысында достық, ұйымшылдық, өзара қолдау және салауатты өмір салтын ұстану құндылықтары дәріптелді.
Әкелер белсенділік танытып, балаларға спортпен айналысудың жақсы үлгісін көрсетті.
«Көңілді старт» сайысы әкелер мен балалардың арасындағы байланысты нығайтып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлаған жарқын спорттық мерекеге айналды.