«Нұрлы болашақ» балабақшасында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жазғы демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында «Көпіршіктер күні» көңілді іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар түрлі түсті сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың үлкен-кішісін бақылап, көпіршіктермен қызықты ойындар ойнады.
Балалардың ерекше қызығушылығын оятып, олардың қиялын, байқампаздығын және ұсақ әрі жалпы қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға ықпал етті. Балалар бір-бірімен қуанышты көңіл күй бөлісіп, достық қарым-қатынаста ойнады.