Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Хобдин ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 45 үй
8 (7132) 21-4-53
8(71341)21-4-53
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ
«Нұрлы болашақ» балабақшасында «Заң мен тәртіп» құндылығын дәріптеу, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаларды тәртіптілікке, жауапкершілікке, өзара сыйластыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Отбасылық эстафета» көңілді спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Эстафета барысында балалар мен ата-аналар бір команда болып, түрлі спорттық сайыстарға қатысты. Қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, кезек күту, бір-біріне көмектесу, командаласын қолдау және әділ жарысу қағидаларын басшылыққа алды.

Жарыс кезінде әр отбасы ұйымшылдық пен белсенділік танытып, ережені сақтау – кез келген ортақ істің маңызды бөлігі екенін іс жүзінде көрсетті. Балалар үшін бұл іс-шара «заң мен тәртіп» ұғымын күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттермен байланыстырып түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара нәтижесінде балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі артып, командалық жұмыс, жауапкершілік, тәртіп сақтау және өзара құрмет дағдылары қалыптасты. Ата-аналардың да балабақша өміріне белсенді қатысуы отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтты.

«Отбасылық эстафета» – тәртіпке баулитын, отбасылық бірлікті арттыратын және салауатты өмір салтын насихаттайтын жарқын іс-шара болды.