Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Хобдин ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 45 үй
8 (7132) 21-4-53
8(71341)21-4-53
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Нұрлы болашақ" балабақшасы МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" ММ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Нұрлы болашақ» балабақшасының аумағын таза, көрікті әрі қолайлы ортаға айналдыру, балаларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында  
"Нұрлы болашақ" балабақшасы аумағында балалардың қатысуымен түрлі тазалық және абаттандыру іс-шаралары ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілерімен бірге аула аумағын қоқыстан тазалауға, айналаны ретке келтіруге, гүлдер мен көгалдарға күтім жасауға атсалысты.
Іс-шаралар барысында балаларға тазалық сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ойын, еңбек әрекеті және танымдық тапсырмалар арқылы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шаралар балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға және өз ортасына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Осылайша, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қолға алынған жұмыстар өз мақсатына жетіп, балабақша аумағын таза әрі әсем етуімен қатар, балалардың бойында тазалық, еңбекқорлық, жауапкершілік және туған жерге деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.