qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

01.07.22 1

Әдістемелік жұмыс міндеттері  - мекемедегі педагогикалық озат тәжірибені  тарату,әрбір тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін  жан- жақты  арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыс педагогикалық ұжымының мүмкіндігінің  шамасын  дамыту  және арттыру, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты тәрбиеленушінің білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу болып табылады. Өз тәжірибемізден педагогикалық ұжымымызда біздер келесі бағыттарда  жұмыс жасаймыз:

  • педагогикалық тапсырмаларды орындау: Эйзенхауэра торы, «инсерт» рефлексияның формасы, SKOT-анализі, «синквести» технологиясы, менталдық әдіс карталары.
  • педагогикалық сөзжұмбақ, «аквариум»
  • ойын түрлері : рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, имитация ойындары
  • дискуссиялар: дебат, дөңгелек үстел, пікірталас
  • шығармашылық ізденіс тапсырмалары: жобалар, ойын іс әрекеті.
  • социялогиялық сұрақтар: анкета жүргізу, блиц сұрақтар
  • семинар практикумдар
  • кәсіпқойлық іскерлігінің сайыстары
  • мастер-класс.

Әдістемелік жұмыс қызметі туралы айтатын болсақ- жұмыстың тиімділігін бағалауын айтпай кетуге болмайды. Біз жұмысымызды 3 бағытта  бағалаймыз: біріншіден- балалар үшін тиімді, екіншіден- ата-аналар үшін тиімділігі, үшіншіден- педагогтар үшін тиімділігі.

Балалар үшін тиімділігі:

-білім беру формасының балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып құзіреттілігін қалыптастыру;

-баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;

-балалармен жеке жұмыс ұйымдастыру.

Ата-аналар үшін тиімділігі:

-ата-аналар жағынан МДҰ-ға деген жағымды  көзқарасы;

-МДҰ-ға әрқашан көмекке дайын болуы;

-МДҰ арасындағы ата-аналар  жұмыс түрлері мен айналысуы туралы ақпараттануы.

Педагогтар  үшін тиімділігі:

- ұжымдағы  психологиялық жағдайының жақсаруы;

- педагогтардың шығармашылық пен инновацияға қызығушылығы;

-педагогтардың өз қызметіне қанағаттануы;

-өз білімін көтеру жүйесін сапалы ұйымдастырылуы;

-жоғары деңгейдегі кәсіптік  қызметі.

Сонымен қатар педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылатуда  жыл бойы интерактивтік әдістермен бес  педагогикалық кеңес ұйымдастырылады. Ол педагогикалық кеңес педагогикалық ұжымды оқу, тәрбие, жаппай ұйымдастыру және әдістемелік-нұсқау жұмыстарының деңгейін көтеруге жұмылдырады, балабақша  тәжірибесіне педагогикалық ғылымның және озат тәжірибенің жетістіктерін, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін енгізуге көмектеседі.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін шараларды анықтайды, педагогикалық жаңашылдықты, шығармашылық ізденісті, қызметкерлердің өздігінен білім алуға  ынталандырады.

Балалардың жан-жақты дамыту және  педагогикалық тәжрибені шыңдау барысында, балабақшада аудандық  көлемде білім бөлімінің  басшылығымен   тәрбиешілер  бірлестігі жұмыс жасайды. Педагогтармен  бірге  іскерлік ойындар,театрлық     қойылымдар , түрлі тренингтер, коучинг   өткізіліп, менталдық  карталармен   жұмыстар   жүргізіледі.


"Нұрлы болашақ " балабақшасында "Проактивті педагог " педагогикалық дебат ұйымдастырылды. Дебат шарты түсіндіріліп, педагогтар "Сарапшы ","Зерттеуші " топтарына бөлініп, сарапшы тобы білім беру жүйесінің тиімді, ұтымды тұстарын сараптады, зерттеуші тобы қазіргі білім беру жүйесіндегі реформа тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің тиімді, ұтымды тұстарын зерттеп, зерделеді. Толық бала бейнесі макеті құрылып, қорғады, кері байланыс өрмекшінің торында қорытындыланып, "үздік топ","үздік спикер " таңдалды.


"Нұрлы болашақ" балабақшасында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогтармен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі пысықталды, шығармашылық портфолио, Коучинг, Реалаксация, Тимбилдинг, Кері байланыс жұмыстары жүргізілді.