qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

ЗАТТЫҚ- ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Модельде пайдаланатын негізгі ұғымдарға сүйене отырып,балабақшамызда заттармен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,күн бойы өз идеяларын  іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін,балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған  әртүрлі материалдары бар орта жабдықтадық.Заттық-дамытушы ортаға балаларда қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында трансформацияланатын ойындар,театр түрлері,танымдық-дамытушы ойындар орналастырдық.Тәрбиешілер заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтырып жəне құрастырып отырды.Балабақшадағы модулдарды пайдаланып,қолжетімді,тартымды,өзгермелі орталықтар атап айтсақ кітап бұрышы,сюжеттік –ойындар дәрігер,түрлі қуыршақтар көрмесін,машиналар керуенін ойнауға жайлылық сезініп жатты.Осы негізде балабақша ауласының да барлық жері ұтымды пайдаланылды.

Дамытушы орта мыналарды:

·         • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;

·         • инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;

·         • білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;

·         • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.

·         Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:

·         – қауіпсіз;

·         – қолжетімді;

·         – әртүрлі;

·         – мазмұнды;

·         – көп атқарымды;

·         – өзгермелі; – тартымды.

Осы міндеттер мен талаптарды ескре отырып  балабақшамызда заттық-дамытушы ортаны құруда баланың жақын даму аймағы,жас және  жеке ерекшеліктері,қажеттіліктері ескерілді.Топ бөлмелерінде заттық-дамытушы орта баланың қызығушылығына қарай орталықтары бойынша аймақтарға бөлініп, заттар, материалдар, қабырғалар мен едендер – бәрі білім ресурсы ретінде қолдануға жағдай жасалып жабдықталды. Ортаның қанықтылығы және -қолжетімділігі – балалардың дербестігінің, белсенділігінің және педагогтардың шығармашылығының артуына ықпал етті.   Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сай  әр топта  түрлі бұрыштар және орталықтар  жабдықталған .Барлық топтарда  «Денсаулық  бұрыштары», «Тыныштық бұрыштары»  бар, онда тәрбиешінің бақылауында балалар өз бетімен ойнайды.

Аталған  бұрыштарда  қимылды  ойындар атрибуттары, маскалар,  қолдан  жасалған  дәстүрлі емес ұсақ  құралдар  жеткілікті. Осындай  бұрыштарды жабдықтау  мақсатында  ата- аналар   арасында «Дәстүрлі емес  спорттық құралдар» атты конкурс жарияланды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мәліметтермен, ұлттық дәстүрлермен сәйкестендірілген жабдықтарымен қамтылған, айналаны  табиғатты  тану мақсатында әр топта  «Табиғат бұрышы»  бар. Бұл бұрышта  балалар ауа райының құбылысының  белгілейтін  табиғат календары және аквариум,эксперименттік іс – әрекеттер үшін «Кіші лаборатория» ұйымдастырылып, құралдар жинақталды.Балалар  бұл орталықта  құралдарды пайдалана  отырып өздері бір жаңалық ашады.Ересек  топтарда балалар «Менің  туған өлкем» атты  бағдарлама  бойынша бұрыштар  безендірілген.

Онда  балалар өз өлкесіндегі  батырлар,кесенелер, ескерткіштер т.б  туралы  мәліметтер алады.

Топтардың бөлмелерінде сюжеттік ойындар үшін де  орын  табылған.  Қыздар «Шаштараз», «Дүкен», «Жедел жәрдем», «Жанұя»  сияқты ойындарды  басқарса , ал ер балалар бір мезетте « Құрылысшылар» болады немесе «Жанар май бекеті», «Полиция» сияқты күндегі көріп жүрген өмір белестері арқылы өмірге деген өз көзқарасы  қалыптасады. Ал «Сахна ойыны»  қай болмасын баланы  қызықтырады.Қолдағы ойыншық  музыкалық аспаптарды алып бір мезетте әртіс, әнші,биші,күйші болып өнер әлеміне аттанады. Интернет, компьютер әр үйде бар, ол оларға жаңалық емес, бірақ өз беттерімен ойынды планшет экранына  шығарып, бір кезде аниматор болып кетеді.Бірақ мақсатты ұмытпаймыз:ойын арқылы баланың сөйлеу қабілеті,ойлау, танымдық, креативтік,шығармашылық,бір-бірін сыйлау, ұжымда өздерін ұстау,ұжымда жұмыс жасау  сияқты т.б адами қасиеттердің  қалыптасуында бірден бір жолы. Өте қызықты шахмат ойыны, мұнда олар ойлау арқылы  зияткерлік  қабілеттері, ақыл,парасат қасиеттерін қалыптастырады.Құмда  сурет салу (арт-терапия), жүнмен  өрнек салу, бисермен  жұмыстар  жүргізіледі. Балалардың экологиялық мәдениетін, табиғат туралы білімдерін  көтеру мақсатында құрылғыларымен  «Метеоалаң» ұйымдастырылды,  «Экологиялық  соқпақтар»  құрылды. 

Метеоалаңда  балалар жел бағытын, күннің  бағытын, компас, барометр т.б  туралы , ал экологиялық соқпақта  бала-бақша  айналасындағы гүлзар, ағаштар аттарымен ,шөптер, құстар ,  жануарлар туралы  білім алады.              

Осы  жұмыстардың  барлығы  бала балабақшаға келгенде  жалықпай, уақытты қызықты өткізуі үшін ұйымдастырылады.  Әр баланың жеке тұлға болып қалыптасуына  барлық жағдайлар  жасалған. Балабақша топтарын безендіруде  педагогтар мен ата- аналар да өз үлестерін қосады. Тәрбиешілер мен ата-аналардың қолдарымен ертегі кейіпкерлері, үлкен қуыршақтар, шахмат кейіпкерлері, балалар мен үлкендерге арналған киімдер тігілді.Театр әлеміне әр түрлі маскалар дайындалды, дидактикалық ойындар жасалынды.