qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда  педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды балабақшамыздың өзекті мәселесі етіп қойылып, бір қатар жұмыстар атқарылды.
 Біріншіден– оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру.
Ол үшін балабақшадағы әдістемелік қызметтің мақсаты-тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.
Сол себепті балабақшамызда бірнеше жаңа технологияларды өз тәжірибемізге енгізіп педагогтардың  интеллектуальды-шығармашылық дамуына жағдайлар туғызылды.
Оларды атап айтсақ:
 «Ақпараттық коммуникативті» технологияны пайдалану арқылы, біз бүлдіршіндеріміздің  білім сапасын көтеруде біршама жетістіктерге жеттік. Балабақша  педагогтары педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін  шешу үшін  ең тиімді әдіс, тәсілдерді  іздестіріп отырды.  Дәстүрлі оқыту  мен  тәрбиелеу  әдісіне қарағанда, электронды инновациялық технология арқылы білім беру   баланың  қызығушылын  арттыратыны ,түсінбеген  жерлерін  қайта қарауға,тыңдауға,нақтылауға  мүмкіндік  беретініне көздері жетті.     

Осындай  технологиялық  құралдардың  бірі   ол -«Даналық әліппесі». Бағдарлама халқымыздың  рухани құндылықтарын балалар түсінігіне сай етіп, бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы
« Даналық әліппесі» негізінде, «Сөйлейтін қалам» технологиясы бойынша  жасалған.Бағдарламаның мақсаты:  педагогқа ұрпақтан – ұрпаққа жеткен сайын құндылығы артып, рухани қазынамызға айналған бата, нақыл сөздер, домбыра, қобыз  үні,билер сөзі,бесік  жыры, батырлар жыры,халық  тағылымы т .б  сияқты бабалар даналығымен  таныстыру.  «Даналық әліппесі »баланы ерте кезден бастап нәрлендіру, бала бойында адамзатқа жат ықпалдарға берілмейтін және қарсы тұратын рухани иммунитет қалыптастыруға  көмектеседі. «Даналық әліппесі» арқылы балалар   ұлттық салт – дәстүрге байланысты неше алуан ұлағатты,шешен,бата т,б  сөздердің  мағынасын түсініп ,сонымен  қатар ұлттық тәрбиені бойына сіңірген жас ұрпақтың жаңа буынын қалыптастыруда үлкен себебін тигізді.

Балаларға  ақпараттарды мультимедиялық  ресурстардың   көмегімен   оқытуды қамтамасыз  ететін  құралдардың   бірі ол - «E-blocks» технологиясы.  Бұл теория мен  практикасы біртұтас  болып  жүретін  жаңа  технологиялық  бағдарлама. Бағдарлама  жеңілден ауырға  қарай  бірізділік принципіне  сүйене отырып  құрастырылды.Тапсырмалар  бес деңгей бойынша  берілген,бірінші  деңгей – фонетикалық «дыбыстар», екінші,үшінші  - деңгей семантикалық «түстер, пішіндер», төртінші, бесінші деңгей -  баяндау «ертегі  тапсырмаларды орындау». Осы  міндеттерге  сәйкес бағдарламамен  үш  тілде  жұмыс жүргізілді.Педагогикалық  міндеттерді  шешуде   тәрбиешілерге таптырмайтын  құралдардың  бірі болды. Бағдарлама  негізінен  балаларға  жан-жақты білім беруге арналған технологиялық әдіс-тәсілдерді  қамтыды. Балалар ойнай отыра ойлауды,ұжыммен жұмыс жасауды, ситуациялық жағдайларды  шешуді   және  қызықты ойын арқылы беріліп отырған   логикалық  тапсырмаларды сергек әрі  шапшаң шешуге үйренді  және  саусақ моторикасы  дамыды.  
 Оқыту мен  тәрбиелеу  саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама «I pad-тан үйренейік»  бағдарламасын құрдық.  Бағдарлама  педагогтарға  сан мен  әріптерді  тануға,жазуға үйрету  үшін,түстерді  айыру   көмекші  құралдардың  бірі болды. Шығармашылық тапсырмалар  -дамытушы ойын арқылы берілген жаттығулар  «I pad» планшетын негізге ала отырып құрылған.Тапсырмаларды   күнделікті  тақтадан емес,бала  экран  бетіндегі  сурет  топтамасынын  арасынан  өзі  таңдай  алды   және  түстен  кейінгі  уақытта  педагогтың  көмегінсіз  тапсырмалармен өздері өзбеттерімен жұмыс жасай алды.  Бағдарламаның мазмұны балалардың бойында берілген білімді  жеңіл және  сергек қабылдауға, ойнай отырып тапсырма орындауға бағытталған  міндеттерді   шешуге  тәрбиешіге  көмектесті. Тәрбиешіге  «I pad-тан үйренейік»  бағдарламасы  арқылы  қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын жан -жақты білімді жаңа адамды тәрбиелеп шығару міндеті  жүктелді.

М.Монтерссоридің  педагогикалық  жүйесі –әлемнің  көптеген  елдерінде  ең  танымал  жүйелердің  бірі. Бұл-  баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу деген сияқты міндеттері жүзеге асыруға  көмектесетін   құралдардың  бірі.  Монтессори  материаларын  қолдану арқылы бала - затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Балабақшада  тәрбиешілері  өз  қолымен  түрлі  дидактикалық   ойындармен, материалдармен , монтессори  көрпешелері, бизиборд құралдарын,   Монтессори  бөлмесін  жабдықтады.Ол балаға қоршаған ортаны өз еркімен  ашуы  үшін  кілт  болып  қызмет етті  және  өз  таңдағанын, өз  бетімен   жасауға  мүмкіндік  берді.
Шахмат – бұл тұтастай бір әлем. Ол қисын мен сезімнің және өзінің шарықтауы мен жеңілуі, қуанышы мен өкініші бірге жүретін таңғажайыптар мен құмарлық әлемі.

Бағдарламада  - мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау  және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін арттыру көзделді.  Балабақшада  шахмат үйірмесі  жұмыс жасады, клубтағы   барлық  жабдықтар  мен  фигуралар  костюмі,  дидактикалық  ойындар тәрбиешілердің қолымен  жасалды.

Бағдарламаның мазмұны күнделікті өмірдегі балалардың  тез шешім қабылдай білуге арналған сезімдерін қалыптастыру үшін, сонымен қатар математикалық амалдарды орындаудағы ой жылдамдығын арттыру да   көзделген.  Бағдарлама  сонымен  қатар  тәрбиешілерге  үлкен  адамгершілік міндеттерді  шешуге , шахмат  ойнай отырып  бала  үлкендермен және  құрдастарымен  қарым-қатыныс нормаларына  үйретуге  көмектесті.Шахмат  ойыны  үстінде  балалар  ұжымы  қалыптасып,топтағы  қарым-қатынастар жақсарды,жеке-бағытталған  педагогика   жүзеге  асты,жалпы  дамуы   мен интелектуальды ,абстракты  дамуы,жеке  тұлға  болып  дамуының   сатысы  салынды.    
  Заманауи инновациялық әдістердің  бірі ол – құм  терапиясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында   құм терапиясының балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор болды.Бұл үшін  педагогтар -  құмға  арналған   жәшіктер ,шағын фигуралар «коллекциясын»  қолданды.  Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алды. Ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, тәрбиешілер оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып қолдан жасады. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып,  бала  әлдеқайда қызықты «өз  әлеміне»  жол  таба алды.
Тәрбиешінің  басты  міндеті -бала өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық ортасын қалыптастыру болды.  Құм   терапиясы  арқылы –тәрбиеші  баланың танымдық және психикалық процестерін , кеңістіктік түсінікті, тактильді - кинестетикалық сезімділік пен зейіннің шоғырлануын , эмпатияның пайда болуын, қолдардың ұсақ моторикаларын  дамытты.                                                                          
  Инновациялық педагогикалық технологиялардың  ішінде    шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосатын  технологиялардың  бірі  - ол  театр терапиясы. Театр  терапиясының ерекшілігі баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор болды.  Балабақшада   аптаның   бейсенбі  күні театр  күні  болып  саналды, тәрбиешілер  балалармен  бірге   ертегілерді  сахналап, көрермендер  ретінде  ата-аналар мен  кішкентай  бөбектерді  шақырып отырды.Педагог баланың шығармашылық қабілетін қуыршақ театр ойыншықтары, ойын сахналау, ойын – еліктеуші, сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамытып отырды. Бұл  жұмыстарды  жүргізу бағытында   тәрбиешілер  би-ба-бо,саусақ, қолғап, фланелеграф театрымен  қатар ,фартук  театрын, әр түрлі  персонаж  костюмдерін, үлкен еден  қуыршақ  театрын,қыстырғыш, маска,диск  театрларын қолдан жасады. Театр  арқылы  бала шығармашылық қабілеттері өсіп көптеген ойындарға тартылды,  сюжетті – рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер т.б. Жұмыстар блок  бойынша, жеңілден ауырға немесе біртіндеп жеке өткізілді (ойнаған, ертегілер қойған кезінде немесе тындаған күйінде).
Тағы бір технологияның  түрі «Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінің инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, бір проблеманы шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.
Осы лэпбук құралы арқылы балалар білімдерін тиянақтап өткен бір бөлімді пысықтап отырады.
Жаңалықтарды игерту арқылы педагогтардың біліктілігін жетілдіруде ғылыми-әдістемелік қызмет көрсету мақсатында балабақшада ішкі семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастырылып отырды.

Робототехника- роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
 Мектепке дейінгі білім берудің жаңа жүйесінде құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Құрастыру қызметі арқылы бала қиялының дамуына ықпал, тәуелсіз ойлау, шығармашылық, көркемдік дәмі, жеке құнды қасиеттері (бақылай білу, мақсатқа жетудегі табандылық, коммуникативті дағдылар қалыптасады, әлемнің объектілерін талдау, жобалау бойынша байқау  қабілетіне көңіл бөледі ),  әсіресе,баланың мектепте оқуына және өмірге қалыптасуына  дайындауға өте маңызы зор. Балабақшадағы құрастыру қызметі  барлық уақытта да назардан тыс қалмады және барлық жас топтарында оқу қызметінде, оқудан тыс уақытта да ойын түрінде де кеңінен қолданылады.
Қазіргі таңда білім беру саласында робототехника және Lego құрылыс технологиясын мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеуде өте танымал  өнімді қызмет ретінде қабылдайды.
Lego құрастыру және білім беру робототехникасы - жаңа педагогикалық технология, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ғылым мен техниканың ең озық бағыттарын  пәнаралық байланыста жүргізеді.

Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалар үшін Изотерапияның қызықты түрлерінің бірі – әйнекке  сурет салу . Қағазбен сурет салудан айырмашылығы, әйнек жаңа көрнекі әсер мен сезімге бөлейді.

Әйнектегі терапия, сіз келесі мәселелерді шеше аласыз:

 1. Түстерді қабылдау және сенсорлық дамыту.

2. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.

3. Қабылдау және көрсету процесінде сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

4. Қызметтің нәтижесімен байланысты мазасыздықты, әлеуметтік қорқыныш пен қорқынышты алдын-алу және түзету .

5. Жеке қасиеттердің дамуындағы кемшіліктерді жою, мысалы, сенімсіздік, қиындықтарды жеңе алмау, осалдық, ұялшақтық, дәрменсіздік сезімі және т.с.с 

Сөйлеу терапиясының ең жаңа технологияларының бірі - Су-Джок терапиясы.Коррекциялық-логопедиялық жұмыста мен Су-Джок терапиясының әдістерін сөйлеу бұзылулары үшін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін, сондай-ақ денені жалпы күшейту мақсатында белсенді қолданамын.Су-джок терапиясы - бұл баланың танымдық, эмоционалды және ерікті сфераларын дамытуды қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі. Мақсаты: Су-Джок терапиясының көмегімен сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзету. 

Міндеттері:

Су-Джок жүйесі бойынша биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету.

Ми қыртысының сөйлеу аймағын ынталандыру.

Балалардағы сөйлеу бұзылыстарын түзетуде мұғалімдер мен ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.

Криотерапия -(латын тілінен "крио" - суық және "терапия" - емдеу, әсер ету).

Бұл әдіс оны емдеу мен сауықтыруда табысты пайдаланатын медицинадан түзету педагогикасына келді.

Логопедиялық әдістемелерде ем жүргізу үшін мұз қолданылады. Теріге (қол, аяқ) жанасу аймағында суық әсер еткенде рецепторлық аппарат белсендіріле бастайды.

Теріге және тіндерге әсер етудің бастапқы кезеңінде және уақыт өткен сайын қан тамырларының қабырғалары кеңейіп, жергілікті қан ағымын арттырады. Қан ағынының ұлғаюы ұсақ моториканы ынталандырады (егер мұздың жанасуы пациенттің қолымен болса).

Баланың қылқаламының дамып келе жатқан ұсақ моторлы қызметі сөйлеу функцияларына жауап беретін ми аймағын белсендіруге ықпал етеді.

Мұндай процестер сөйлеуді жақсартуға, айтылу сапасын арттыруға әкеледі. Балада сөйлеу функциясынан басқа есте сақтау, зейін, ойлау, қол моторикасы жақсарады. Әдістеме жаңа ақпаратты есте сақтауды жақсартуға көмектеседі.

Шағын моториканы дамыту әдісі – криотерапия келесі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:

- қол моторикасын ынталандыру;

- сөйлеу қызметін жақсарту;

- әлеуметтік бейімделу (БЦП, аутизм, Даун синдромы кезінде);

- балалар қиын саусақты жаттығулар мен олардың комбинацияларын жақсы меңгереді және өз бетінше орындайды;

- балаларда бейнелеу және графикалық біліктердің дамуы оңайырақ;

- сөйлеу дамуымен тығыз байланысты көңіл мен есте сақтау дамиды;

- ағзаны жалпы сауықтыру;

- сабаққа жағымды эмоционалдық көңіл күй пайда болады.   Балабақшада балалармен жұмыс істеу тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың екі түрі орын алады: көлемді және жалпақ блоктар мен логикалық фигуралар.

" Дьенеш Блоктары " -«Логикалық блоктар" дидактикалық жинағы түсі, пішіні, қалыңдығы, өлшемі бойынша ерекшеленетін 48 көлемді геометриялық фигуралардан тұрады. Демек,әрбір фигура төрт қасиетпен сипатталады.

      Логикалық блоктармен әр түрлі іс-әрекеттер барысында мектепке дейінгі балалар талдау, салыстыру, жіктеу, жалпылау, кодтау және декодтау сияқты әртүрлі ойлау қабілеттерін меңгереді. Сондай-ақ терістеу немесе алмастыру логикалық операцияларын орындайды.

     Арнайы әзірленген ойындар мен блоктары бар жаттығуларда балаларда алгоритмнің қарапайым дағдылары, ойда әрекет жасау қабілеті дамиды. Блоктардың көмегімен зейін,қабылдау т.б қабілеттері жаттығады.

Логикалық блоктар формалар эталоны-геометриялық фигуралар: шеңбер,шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш. Олар балаларды заттардың түрлерімен және геометриялық фигуралармен танысудың тамаша құралы болып табылады.

Жинақта "бірге ойнайық"ойынының ықтимал нұсқалары визуалды бейнеленген және сипатталған әдістемелік құрал бар. Логикалық блоктармен қатар блоктардың қасиеттері шартты түрде белгіленген карточкалар қолданылады: түсі, пішіні, қалыңдығы, өлшемі. Олар жас  ерекшеліктері бойынша іріктелген.

Балалар дизайны

Флористика



11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21 11.11.22 21

 

1 1 1 1 1

 

1 1 1 1 1 1 1 1

 

1 1 1 1 1 1 1