qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

«Өсу нүктелері» құзіреттілік орталықтары,

«Мектепке дейінгі ұйымдар тобында күні бойы екі тәрбиеші»

пилоттық жобалардың жұмысын ұйымдастыру.

МККҚ «Нұрлы болашақ» балабақшасының базасында Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесіне мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласындағы озық тәжірибені тарату және енгізу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін» іске асыру шеңберінде «Құзіреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі тәрбиеші» пилоттық  жобасын өткізілетін эксперименттік алаңдарды ұйымдастырып,ECERS-3 сапаны бағалаудың  халықаралық шкаласы бойынша бағаланып өткізілді.

Пилоттық жобаның мақсаты-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде апробациядан өткен және ұсынылған инновацияларды одан әрі одан әрі тарату үшін обьективті бағалау мен шешімдерді әзірлеу мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы педагогикалық тәсілдердің пәрмендігін практикада тексеру.

Пилоттың жобаның міндеттері:

-тікелей әкімшілік басқарудан мотивациялық жүйе қалыптастыруға,педагогтердің шығармашылық бастамасын дамытуға көшу

-баланың дамуына әсер ететін қоршаған ортаның нақты көрсеткіштері негізінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын басқару  тетігін әзірлеу

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру

-сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мектепкек дейінгі ұйымдардың әлеуітін арттыру

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көшбасшы-басқарушылар корпусын құру.

-білім беру сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жақсарту.

Пилоттық жобалардың критерийлері:

заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база

заттық-дамытушы орта

білікті педагогтар

үздік педагогикалық тәжірибе

ата-аналарды тартудың тиімді тәжірибесі

«Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойына екі тәрбиеші» пилоттық жобасына МККҚ «Нұрлы болашақ» балабақшасының ортаңғы «Қонжық» тобы қатысып отыр.Қазақ тобында 25 бала.

I .Жобаларды жүзеге асыруға 2 тәрбиеші 25 ата-ана қатысты.

II.Педагогтармен жұмыс:

Күнделікті тәрбиешілердің бақылауы (қосымша 2)

Екінші қосымшаға сәйкес сәйкес біз Торбай М.А.,Байтохина Л.Т. өз бақылауымызды күн сайын бақылау алжапқышы арқылы балаларды зерттеуден бастадық.Әр баланың қызығушылығына қарай топтастырдық.Балабақшадағы күн тәртібіне циклограмма негізінде жұмысымызды жүйелі жүргізіп отырдық.Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып,бірлескен жұмыс жүргіздік.Күнделікті заттық-+дамытушы ортаны балалар қажеттілігіне қарай күн де түрлендіріп отырдық.Бастапқы кезде балаларды ұйымдастыру қиындықтар туғызды,балаалар жұптасып ойнап кете берді,оларды топта ойнауға бағыттадық.Таңғы қабылдауда көңіл-күйлері болмаса,әдемі әуендер тыңдатып түрлі смайликтер кейіпіне түсуге шақырдық.Баламен жеке сөйлесу жұмыстарын жүргіздік.

Ойындарды бақылау процесінде топтасып,жұптасып ойнауды,бірін-бірі құрметтеуге сыйлауға үйренді.Тәрбиеші балаларға бағыт бере отырып,балалардың ойларын тыңдап,достыққа шақырды.

Сонымен қатар топтың ережесі,тәртібі балалармен түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.Қол шапалақ жаңа ойын басталатын хабарлау,қоңырау соққанда топта ойнау керек екені,қолды жоғары көтергенде жұптасып ойнау керек екендігін балаларға хабарлап айтты.Ойын олар үщін қызықты сәт екенін түсіну керек.Балаларға күні қызықты жалғасу үшін ертегілер тыңдатылып,мульфильмдер ұсынылды.Ойын уақытында келеңсіз жайттар орын алса,оларды достыққа ,татулыққа шақырып,мақалдар айтқызып,жаңылтпаш жаттауға үйреттік.

Ойынның түрлеріне қарай балаларды топтастырып,ұяң балаларды сөйлетуге сюжетті-желілі ойындар пайдаланылды.Пилоттық жобадағы шарт бойынша екі тәрбиеші бірін-бірі толықтырып отырды.Заттық-дамытушы ортаны  түрлендіріп,танымдық-дамытушы ойындар көптеп қолдана бастадық.Бастапқы уақыт балаларды ұйымдастыра алмай қиыншылық тудырды,бертін-келе балалар өз қызығушылықтарына қарай орталықтарға бөлініп, ортаны дұрыс пайдалануды,топтасып ойнауды үйрене бастады.Пилоттық жобаны қиындықтары да кездесіп жатты жұмыс уақыты ұзақтығы тәрбиешілерге әсер етіп жатты.

III  МДҰ әдіскері,психолог маманның бақылауы (қосымша 3)

3-қосымша бойынша Әдіскердің бақылауы негізінде (Екі тәрбиеші ) пилоттық жобаға қатысушы тәрбиешілер жұмыстары күн тәртібі бақыланды және қорытындыланды.3 қосымша сұрақтары негізінде бақыланып,жетістіктер мен кемшіліктер анықталып,уақытылы ескеріліп,түзетіліп,жаңаша бағыттар берілді.Балаларда дағдылар қалыптаса бастады.Бұрынғы тәрбиешілер бастауымен жүретін балалар да еркіндік,өз ойларын еркін жеткізіп жатты.Тәрбиешілер жоба барысында  балалармен іс-әрекеті мен қарым-қатынасы оқу мен дамудың нәтижелерін бақылап,анықтап отырды.

IV Аймақтық әдіскер бақылауы.

26.10.22 61 26.10.22 61


14.11.22 1 12.11.22 1

12.11.22 1 12.11.22 1 12.11.22 1

12.11.22 1 12.11.22 1

12.11.22 1 12.11.22 1 12.11.22 1 12.11.22 1

14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11 14.11.22 11


Ғылыми -зерттеу қызметі

Казіргі балабақшалар-инновация қоры. Инновациялық даму ерекшеліктері ол болашаққа деген кең көзқарас, қарқынды ізденіс үрдісі болып табылады. Біздің балабақша аудан көлемінде ең алғаш эксперименталды алаңы болып, 2014 жылы облыстық эксперимент ашылды.

Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру әдістері». Мәселесі: «Балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеудегі педагогикалық жағдайлар мен факторлар»

Жобаның түрі:
топтық, 5 жастағы балаларға арналған.
Қатысушылар:
Кобда аудандық «Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешілері Жаманқұлова Жанна Тыныштыққызы
Тулеуова Айгул Тулеуқызы
«Жұлдыз» тобының балалары
«Жұлдыз» тобының ата-аналары
Жобаның жүзеге асырылу мерзімі:
2014-2017 оқу жылы .
Өзектілігі:
Қазіргі мектепке дейінгі білім берудегі ең өзекті мәселелердің бірі, басты назарға қоршаған ортамен таныстырудағы зерттеу жұмыстарының жүргізілуі болып отыр. Бұл іс-әрекет мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Ойын- баланың негізгі іс-әрекеті болса, тап солай жобалау да балаға тиімді әсер қалдырады.
Ағаш түрлерімен таныстырып, оларға назар аударып, сонымен қатар олардың қоғамдағы орны, адам баласына пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Экологиялық проблемаларға көңіл бөліп, ағаштарды сақтап қалу жолдарын қалыптастыру. Жобада ағаштардың емдік,құдіретті,символдық қасиеттері туралы мәліметтер жинағын жасау.
Шығармашылық топпен тәрбиешілер балалардың жас ерекшелігін ескере отырып сценарийлер жинағын әзірлеп, экологиялық мерекелер, экологиялық жолдармен серуендеуге, ойын, серуен, зерттеу-танымдық жұмыстарымен әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді. Жобаның жақсы іске асыру үшін балабақша алаңы көгалдандырып :ағаш ,гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Осындай атқарылытын жұмыстарда балабақша мен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынас орнатылды.Барлық жоспарланған мерекелерге ата-аналарымыз белсенді түрде қатысады.
Жобалау іс-әрекетінің мақсаты:
Қоршаған ортамен танысуда «қарапайым білімдер» балалардың дамуын жақсы қалыптастырады.
-балаларды химиялық заттармен таныстыру, білімдерін кеңейту;
-табиғат өзгерістері мен ерекшеліктерін таныстыру;
-зерттеу-жұмыс барысында құралдарды қолдану тәсілін меңгеру;
- талдау жасау, салыстыру, түсіндіру әдістерін қолдануды үйренеді;
Жобаның міндеттері:
-Ағаш туралы ақпараттар жинау;
-ғаламтордан дерек көздерін қарастыру;
-жинаған ақпараттарды сараптау, нақтылау;
-ағаштармен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу;
-зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;
-табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, аялау; табиғатты қорғауға машықтандыру.
Ғылыми жобаның болжамы: Күтілетін нәтиже:
-Ағаштар туралы деректер жинақталды;
-ғаламтордан қажетті сайттарды анықтау, ақпарт алу машығы артты;
-эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілеті қалыптасты;
-сараптамалық, зерттеушілік мәдениеті дамыды.
-өз бетінше әртүрлі практикалық және танымдық жұмыстарын жүргізуге машықтанды;
-топтармен қарым-қатынас жасау жұмыстары жүргізілді;
- зерттеу шеберліктері қалыптасты (проблемаларды шешу, ақпарат жинақтау, бақылау, зерттеулер жүргізу, талдау, ғылыми болжамдар жасау, қорыту)
-топтық жұмыс жасау дағдысы қалыптасты;
-ұсынылған әдістемелерді талдау қабілеті дамыды.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың
интелектуалдық-шығармашылық даму үрдістерін басқару»
тақырыбында өткізілген эксперимент жұмысы.

2018-2019 оқу жылында МКҚК «Нұрлы болашақ» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың интелектуалдық-шығармашылық даму үрдістерін басқару» тақырыбында эксперимент жұмысы жүргізілді.
Эксперимент тақырыбын таңдау негізі:
Педагогтың шығармашылық әлеуетін дамытудың негізінің мақсаты ол қазіргі заманғы педагогикалық білім беру , ол тек жаңа білімді , құндылықтар мен жеке пайымдарды меңгеру ғана емес,сонымен қатар жеке субьектіні өзінің шығармашылық,интеллектуальдық және адамгершілік әлеуетін жасампаздық күш-қуатымен іске асыру ,педагогтың күшінің мәнін дамыту , бар педагогикалық технологияларды қолдану қабілетін ғана емес , инновациялық оқу үрдісін жүзеге асыру және жаңарту.

Эксперимент мақсаты: педагогтың интеллектуальдық -шығармашылық әлеуетін ашу үшін барынша қолайлы жағдайларды анықтау және педагогикалық іс-әрекеттің жетістікке жету критерийлері.
Міндеттері:
1.Педагогикалық ұжымды белсенді шығармашылық жұмысқа ынталандыру жүйесін қалыптастыру және инновациялық режимде жұмыс жасауға дайындау.
2.Шығармашылық білім беруде тиімді , тұтас,жүйелі,кіріктіру,сабақтастықты қамтамасыз ететін технологиялары мен механизмдерін анықтау.
3.Педагогтардың интеллектуальды –шығармашылық даму сферасындағы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруда ықпал ететін интерактивті тәсілдерді қолдану.
«Нұрлы болашақ» балабақшасында эксперимент жұмысы бойынша 7 педагог қатысуда. Олардың 6-уы жоғары білімді, біреуі арнаулы орта.
Санаттары бойынша 4-еуі жоғары санатты, 1-еуі екінші санатты, 2-еуі санаты жоқ.
Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды балабақшамыздың өзекті мәселесі етіп қойылып, бір қатар жұмыстар атқарылды.
Біріншіден– оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру.
Ол үшін балабақшадағы әдістемелік қызметтің мақсаты-тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.
Сол себепті балабақшамызда бірнеше жаңа технологияларды өз тәжірибемізге енгізіп педагогтардың интеллектуальды-шығармашылық дамуына жағдайлар туғызылды.
Оларды атап айтсақ:
«Ақпараттық коммуникативті» технологияны пайдалану арқылы, біз бүлдіршіндеріміздің білім сапасын көтеруде біршама жетістіктерге жеттік. Балабақша педагогтары педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін шешу үшін ең тиімді әдіс, тәсілдерді іздестіріп отырды. Дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу әдісіне қарағанда, электронды инновациялық технология арқылы білім беру баланың қызығушылын арттыратыны ,түсінбеген жерлерін қайта қарауға,тыңдауға,нақтылауға мүмкіндік беретініне көздері жетті. Осындай технологиялық құралдардың бірі ол -«Даналық әліппесі». Бағдарлама халқымыздың рухани құндылықтарын балалар түсінігіне сай етіп, бірізділікте жинақтаған тәрбие құралы
« Даналық әліппесі» негізінде, «Сөйлейтін қалам» технологиясы бойынша жасалған.Бағдарламаның мақсаты: педагогқа ұрпақтан – ұрпаққа жеткен сайын құндылығы артып, рухани қазынамызға айналған бата, нақыл сөздер, домбыра, қобыз үні,билер сөзі,бесік жыры, батырлар жыры,халық тағылымы т .б сияқты бабалар даналығымен таныстыру. «Даналық әліппесі »баланы ерте кезден бастап нәрлендіру, бала бойында адамзатқа жат ықпалдарға берілмейтін және қарсы тұратын рухани иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. «Даналық әліппесі» арқылы балалар ұлттық салт – дәстүрге байланысты неше алуан ұлағатты,шешен,бата т,б сөздердің мағынасын түсініп ,сонымен қатар ұлттық тәрбиені бойына сіңірген жас ұрпақтың жаңа буынын қалыптастыруда үлкен себебін тигізді. Балаларға ақпараттарды мультимедиялық ресурстардың көмегімен оқытуды қамтамасыз ететін құралдардың бірі ол - «E-blocks» технологиясы. Бұл теория мен практикасы біртұтас болып жүретін жаңа технологиялық бағдарлама. Бағдарлама жеңілден ауырға қарай бірізділік принципіне сүйене отырып құрастырылды.Тапсырмалар бес деңгей бойынша берілген,бірінші деңгей – фонетикалық «дыбыстар», екінші,үшінші - деңгей семантикалық «түстер, пішіндер», төртінші, бесінші деңгей - баяндау «ертегі тапсырмаларды орындау». Осы міндеттерге сәйкес бағдарламамен үш тілде жұмыс жүргізілді.Педагогикалық міндеттерді шешуде тәрбиешілерге таптырмайтын құралдардың бірі болды. Бағдарлама негізінен балаларға жан-жақты білім беруге арналған технологиялық әдіс-тәсілдерді қамтыды. Балалар ойнай отыра ойлауды,ұжыммен жұмыс жасауды, ситуациялық жағдайларды шешуді және қызықты ойын арқылы беріліп отырған логикалық тапсырмаларды сергек әрі шапшаң шешуге үйренді және саусақ моторикасы дамыды.
Оқыту мен тәрбиелеу саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама «I pad-тан үйренейік» бағдарламасын құрдық. Бағдарлама педагогтарға сан мен әріптерді тануға,жазуға үйрету үшін,түстерді айыру көмекші құралдардың бірі болды. Шығармашылық тапсырмалар -дамытушы ойын арқылы берілген жаттығулар «I pad» планшетын негізге ала отырып құрылған.Тапсырмаларды күнделікті тақтадан емес,бала экран бетіндегі сурет топтамасынын арасынан өзі таңдай алды және түстен кейінгі уақытта педагогтың көмегінсіз тапсырмалармен өздері өзбеттерімен жұмыс жасай алды. Бағдарламаның мазмұны балалардың бойында берілген білімді жеңіл және сергек қабылдауға, ойнай отырып тапсырма орындауға бағытталған міндеттерді шешуге тәрбиешіге көмектесті. Тәрбиешіге «I pad-тан үйренейік» бағдарламасы арқылы қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын жан -жақты білімді жаңа адамды тәрбиелеп шығару міндеті жүктелді.
М.Монтерссоридің педагогикалық жүйесі –әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл- баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу деген сияқты міндеттері жүзеге асыруға көмектесетін құралдардың бірі. Монтессори материаларын қолдану арқылы бала - затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Балабақшада тәрбиешілері өз қолымен түрлі дидактикалық ойындармен, материалдармен , монтессори көрпешелері, бизиборд құралдарын, Монтессори бөлмесін жабдықтады.Ол балаға қоршаған ортаны өз еркімен ашуы үшін кілт болып қызмет етті және өз таңдағанын, өз бетімен жасауға мүмкіндік берді.
Шахмат – бұл тұтастай бір әлем. Ол қисын мен сезімнің және өзінің шарықтауы мен жеңілуі, қуанышы мен өкініші бірге жүретін таңғажайыптар мен құмарлық әлемі. Бағдарламада - мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін арттыру көзделді. Балабақшада шахмат үйірмесі жұмыс жасады, клубтағы барлық жабдықтар мен фигуралар костюмі, дидактикалық ойындар тәрбиешілердің қолымен жасалды. Бағдарламаның мазмұны күнделікті өмірдегі балалардың тез шешім қабылдай білуге арналған сезімдерін қалыптастыру үшін, сонымен қатар математикалық амалдарды орындаудағы ой жылдамдығын арттыру да көзделген. Бағдарлама сонымен қатар тәрбиешілерге үлкен адамгершілік міндеттерді шешуге , шахмат ойнай отырып бала үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатыныс нормаларына үйретуге көмектесті.Шахмат ойыны үстінде балалар ұжымы қалыптасып,топтағы қарым-қатынастар жақсарды,жеке-бағытталған педагогика жүзеге асты,жалпы дамуы мен интелектуальды ,абстракты дамуы,жеке тұлға болып дамуының сатысы салынды.
Заманауи инновациялық әдістердің бірі ол – құм терапиясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында құм терапиясының балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор болды.Бұл үшін педагогтар - құмға арналған жәшіктер ,шағын фигуралар «коллекциясын» қолданды. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алды. Ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, тәрбиешілер оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып қолдан жасады. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала әлдеқайда қызықты «өз әлеміне» жол таба алды.
Тәрбиешінің басты міндеті -бала өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық ортасын қалыптастыру болды. Құм терапиясы арқылы –тәрбиеші баланың танымдық және психикалық процестерін , кеңістіктік түсінікті, тактильді - кинестетикалық сезімділік пен зейіннің шоғырлануын , эмпатияның пайда болуын, қолдардың ұсақ моторикаларын дамытты.
Инновациялық педагогикалық технологиялардың ішінде шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосатын технологиялардың бірі - ол театр терапиясы. Театр терапиясының ерекшілігі баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор болды. Балабақшада аптаның бейсенбі күні театр күні болып саналды, тәрбиешілер балалармен бірге ертегілерді сахналап, көрермендер ретінде ата-аналар мен кішкентай бөбектерді шақырып отырды.Педагог баланың шығармашылық қабілетін қуыршақ театр ойыншықтары, ойын сахналау, ойын – еліктеуші, сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамытып отырды. Бұл жұмыстарды жүргізу бағытында тәрбиешілер би-ба-бо,саусақ, қолғап, фланелеграф театрымен қатар ,фартук театрын, әр түрлі персонаж костюмдерін, үлкен еден қуыршақ театрын,қыстырғыш, маска,диск театрларын қолдан жасады. Театр арқылы бала шығармашылық қабілеттері өсіп көптеген ойындарға тартылды, сюжетті – рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер т.б. Жұмыстар блок бойынша, жеңілден ауырға немесе біртіндеп жеке өткізілді (ойнаған, ертегілер қойған кезінде немесе тындаған күйінде).
Тағы бір технологияның түрі «Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінің инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, бір проблеманы шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.
Осы лэпбук құралы арқылы балалар білімдерін тиянақтап өткен бір бөлімді пысықтап отырады.
Жаңалықтарды игерту арқылы педагогтардың біліктілігін жетілдіруде ғылыми-әдістемелік қызмет көрсету мақсатында балабақшада ішкі семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастырылып отырды.
Робототехника- роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Мектепке дейінгі білім берудің жаңа жүйесінде құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Құрастыру қызметі арқылы бала қиялының дамуына ықпал, тәуелсіз ойлау, шығармашылық, көркемдік дәмі, жеке құнды қасиеттері (бақылай білу, мақсатқа жетудегі табандылық, коммуникативті дағдылар қалыптасады, әлемнің объектілерін талдау, жобалау бойынша байқау қабілетіне көңіл бөледі ), әсіресе,баланың мектепте оқуына және өмірге қалыптасуына дайындауға өте маңызы зор. Балабақшадағы құрастыру қызметі барлық уақытта да назардан тыс қалмады және барлық жас топтарында оқу қызметінде, оқудан тыс уақытта да ойын түрінде де кеңінен қолданылады.
Қазіргі таңда білім беру саласында робототехника және Lego құрылыс технологиясын мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеуде өте танымал өнімді қызмет ретінде қабылдайды.
Lego құрастыру және білім беру робототехникасы - жаңа педагогикалық технология, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ғылым мен техниканың ең озық бағыттарын пәнаралық байланыста жүргізеді.
Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалар үшін Изотерапияның қызықты түрлерінің бірі – әйнекке сурет салу . Қағазбен сурет салудан айырмашылығы, әйнек жаңа көрнекі әсер мен сезімге бөлейді. Баланың қылқаламмен жұмысы –ол дамып келе жатқан ұсақ моторлы қызметі сөйлеу функцияларына жауап беретін ми аймағын белсендіруге ықпал етеді.
Әйнектегі терапия, сіз келесі мәселелерді шеше аласыз:
1. Түстерді қабылдау және сенсорлық дамыту.
2. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.
3. Қабылдау және көрсету процесінде сөйлеу мен ойлаудың дамуы.
4. Қызметтің нәтижесімен байланысты мазасыздықты, әлеуметтік қорқыныш пен қорқынышты алдын-алу және түзету .
5. Жеке қасиеттердің дамуындағы кемшіліктерді жою, мысалы, сенімсіздік, қиындықтарды жеңе алмау, осалдық, ұялшақтық, дәрменсіздік сезімі және т.с.с
Сөйлеу терапиясының ең жаңа технологияларының бірі - Су-Джок терапиясы.Коррекциялық-логопедиялық жұмыста мен Су-Джок терапиясының әдістерін сөйлеу бұзылулары үшін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін, сондай-ақ денені жалпы күшейту мақсатында белсенді қолданылады.Су-джок терапиясы - бұл баланың танымдық, эмоционалды және ерікті сфераларын дамытуды қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі. Мақсаты: Су-Джок терапиясының көмегімен сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзету. Міндеттері:
Су-Джок жүйесі бойынша биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету.
Ми қыртысының сөйлеу аймағын ынталандыру.
Балалардағы сөйлеу бұзылыстарын түзетуде мұғалімдер мен ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.
Криотерапия -(латын тілінен "крио" - суық және "терапия" - емдеу, әсер ету).
Бұл әдіс оны емдеу мен сауықтыруда табысты пайдаланатын медицинадан түзету педагогикасына келеді.
Логопедиялық әдістемелерде ем жүргізу үшін мұз қолданылады. Теріге (қол, аяқ) жанасу аймағында суық әсер еткенде рецепторлық аппарат белсендіріле бастайды.
Теріге және тіндерге әсер етудің бастапқы кезеңінде және уақыт өткен сайын қан тамырларының қабырғалары кеңейіп, жергілікті қан ағымын арттырады. Қан ағынының ұлғаюы ұсақ моториканы ынталандырады (егер мұздың жанасуы баланың қолымен болса).
Мұндай процестер сөйлеуді жақсартуға, айтылу сапасын арттыруға әкеледі. Балада сөйлеу функциясынан басқа есте сақтау, зейін, ойлау, қол моторикасы жақсарады. Әдістеме жаңа ақпаратты есте сақтауды жақсартуға көмектеседі.
Шағын моториканы дамыту әдісі – криотерапия келесі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
- қол моторикасын ынталандыру;
- сөйлеу қызметін жақсарту;
- әлеуметтік бейімделу (БЦП, аутизм, Даун синдромы кезінде);
- балалар қиын саусақты жаттығулар мен олардың комбинацияларын жақсы меңгереді және өз бетінше орындайды;
- балаларда бейнелеу және графикалық біліктері дамиды;
- сөйлеу дамуымен тығыз байланысты көңіл мен есте сақтау дамиды;
- ағзаны жалпы сауықтыру;
- сабаққа жағымды эмоционалдық көңіл күй пайда болады.
" Дьенеш Блоктары " -«Логикалық блоктар" дидактикалық жинағы түсі, пішіні, қалыңдығы, өлшемі бойынша ерекшеленетін 48 көлемді геометриялық фигуралардан тұрады. Демек,әрбір фигура төрт қасиетпен сипатталады.
Логикалық блоктармен әр түрлі іс-әрекеттер барысында мектепке дейінгі балалар талдау, салыстыру, жіктеу, жалпылау, кодтау және декодтау сияқты әртүрлі ойлау қабілеттерін меңгереді. Сондай-ақ терістеу немесе алмастыру логикалық операцияларын орындайды.
Арнайы әзірленген ойындар мен блоктары бар жаттығуларда балаларда алгоритмнің қарапайым дағдылары, ойда әрекет жасау қабілеті дамиды. Блоктардың көмегімен зейін,қабылдау т.б қабілеттері жаттығады.
Логикалық блоктар формалар эталоны-геометриялық фигуралар: шеңбер,шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш. Олар балаларды заттардың түрлерімен және геометриялық фигуралармен танысудың тамаша құралы болып табылады.
Жинақта "бірге ойнайық"ойынының ықтимал нұсқалары визуалды бейнеленген және сипатталған әдістемелік құрал бар. Логикалық блоктармен қатар блоктардың қасиеттері шартты түрде белгіленген карточкалар қолданылады: түсі, пішіні, қалыңдығы, өлшемі. Олар жас ерекшеліктері бойынша іріктелген.
Балабақша ішілік семинарда «Педагогикалық шеберлік» эстафетасы өткізіліп әр топ жаңаша бағытта балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекеттер бойынша жарысқа түседі,«Жаңа бала-жаңа бағыт-жаңа тәрбиеші» тақырыбында пікірталас,«Логопедтік идея» аукцион,Тірек сигналдары:«Іскерлік ойын»,Озық тәжірибе:«Мозартика технологиясы»,«Роботты техника-балабақшада» апталық.(тәжірибемен бөлісу) жұмыстары жүргізіліп педагогтардың білімі жетілдірілді.
Эксперимент жұмысы бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайту мақсатында ата-аналармен де бірнеше жұмыстар өткізілді. Халықаралық отбасы күніне « Бақытты отбасы» сайысы, «Ана мен бала» ток-шоу, «Сказка о веселом язычке» семинар-практикум, Логопедический КВН «Умники и граматейки», Ертегіні жаңаша сахналау бойынша театр жұмысынан қойылымдар, «Толағай» отбасылық сайыстар өте жоғары деңгейде өткізіліп, ата-аналар ризашылықтарын білдірді.
Эксперимент жұмысының нәтижесінде педагогтарымыздың жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыстануы, олардың білімдерінің жоғарылауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарылатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын артты.
Жыл соңында экспериментке қатысушы педагогтардың даму құзіреттілігіне арнайы дайындалған критерийлер бойынша мониторинг жүргізілді