qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

«Нұрлы болашақ» балабақшасында эргономикалық шешімдерді қолдана отырып, жұмыс қолайлылығы мен қауіпсіздігін,ата-аналардың тартымдылығын жақсартуға‚ қызметкерлердің жұмыс істеу қабілетін сақтауға көп көңіл бөлуде.

Ал енді сәулеті мен сәні жарасқан бақшамыз туралы айтар болсақ:

Ресейден әкелінген сарғыш қызыл кірпіштен бой көтерген 200 орындық екі қабатты балабақша құрылысына 1 гектар жер бөлінген. Ғимараттың жалпы алаңы 1991,8 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары халықаралық еуростандартқа сай жүргізілді.Балабақша құрылысына Батыс Еуропадан, Ресейден, Украинадан жеткізілген осы заманғы материалдар пайдаланылған. Өңдеу жұмыстарын да Еуропадан келген мамандар жүргізген. Өңдеу материалдары, балабақшалар үшін арнайы жасалған санитарлық құралдар, жарық шамдары Германиядан әкелініп орнатылған.
Сонымен қатар балабақшаға қуат ұстағыш терезелер орнатылған, оларды балалар ашып, құлап кетпеу үшін арнайы кілттері бар. Терезелер сырттан түсетін күннің 8 түрлі сәулесінен қорғайды . Аулаға күн ысығанда зиянды заттар шығаратын асфальттің орнына бетон брусчаткалар төселген. Сондай-ақ, бөлмелерге көзді қарықтырмайтын шамдар ілінген. Балалардың бойын суық алмау үшін ойын бөлмелеріне жылу еденнің астымен жүргізілген. Мұнда сантехникалық қондырғылар ересектерге, балаларға бөлек орнатылған. Бәрінен де олар балаларға қолайлы етіп арнайы жасалған. Ауланы жарықтандыратын шамдар да талғамға сай. Сегіз ойын алаңдары Санкт-Петербургтің «КСИЛ» компаниясында арнайы тапсырыспен жасатқан ұлттық нақыштағы ойын құралдарымен жарақтандырылған. Балабақшаның ішкі әрлеу жұмыстарын сербиялық мамандар жасады.

Балабақшаның материалдық-техникалық базасы балалардың жасына сай дамуының ерекшелігін ескере отырып, арнайы топтық бөлмелерін жабдықтады:

- қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, ұйықтайтын бөлме,буфет;

-асхана;ас тарату бөлмесі,қойма;

· әкімшілік бөлім: меңгеруші бөлмесі, әдіскер бөлмесі,есепші бөлмесі, психолог бөлмесі, логопед бөлмесі,шаруашылық бөлмесі;

· медициналық бөлім: медбике бөлмесі, процедуралық бөлме және изолятор;

· кір жуатын бөлме және үтіктейтін бөлме;

· ән күй және гимнастикалық жаттығулар үшін зал;

· балабақша ауласындағы спорттық алаң.

Балабақша алаңы топтарға бөлінген, әр алаң ұлттық киіз үй үлгісінде жасалып,көзжауын алатын түрлі ойын –құралдарымен,ойыншықтармен жабдықталып, ағаш, гүл көшеттерімен абақтандырылған. Сонымен қатар спорттық және жазғы концерт алаңы бар.

Құзыреттілігіне байланысты келесі бөліктерге бөлінген:

- ойын алаңы -8 топ;

- экологиялық бөлімі – гүлзарлар;ағаштар;

- шаруашылық бөлімі- от жағу комплексі (котельная),жанар май сақтау бөлімі.

Топтық алаңдар санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай.Әр топтың алаңыңда кішкентай архитектуралық үлгілер бар (үйшіктер,әткеншек,таушық, құмшықтар ж т.б). Топтардың ойын алаңдары бір бірінен жасыл гүлзарлармен бөлінген. Жалпы балабақша ауласы 100% гүлдермен, ағаштармен абақтандырылған.

Барлық бөлмелер қазіргі заманауи құралдармен жабдықталған, музыкалық аспаптар және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.Бүкіл ғимаратқа Wi-Fi интернеті қосылған. Балаларға арналған жиһаздармен, интерактивті пианиномен, дидактикалық және үстел ойындарымен, құрғақ бассейнімен, түрлі пішінді модульдермен жабдықталған.

Ақпараттарды мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік беретін интерактивтік тақталар ересек топтар және ән-күй залында орнатылған. Интерактивтік тақталар оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі мекемеде балалар рухани – патриоттық тұрғыдан білім алып , тәрбиеленуі үшін «Даналық әліппесі» атты әдістемелік құрал және заман талабына лайық оқу –тәрбие үрдісін жүйелі жүргізу үшін инновациялық жаңа технологиялармен «IPAD» планшетниктері , «E-BLOCKS» құралдары да сатып алынып, балаларға базарлық ретінде сыйға тартылған.

Елбасы Н.Назарбаев: «Даналық әліппесі» -балалардың өз Отанын сүйетін әрі текті елдің тұлғалы азаматтары болып өсулеріне ықпал етеді» -деп атап өткен болатын.

Бұл өнім «Интерактив Қазақстан» компаниясының базасында Жапонның жаңа технологиясы бойынша жасалып, ҚР Білім және ғылым министрлігі сараптамасынан өткен .

Балабақшада 8 топ жұмыс жасайды.Бала саны : 200 бала.



27.10.22 1 27.10.22 1 27.10.22 1 27.10.22 1 27.10.22 1 27.10.22 1 27.10.22 1