qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген  болашаққа бағытталған жасампаз тапсырмаларына орай бой көтерген, дәулетіне сәулеті сай,  ертегі еліне айналған  «Нұрлы болашақ» бала- бақшасы 200  орындыққа арналып, 2 қатарлы   ғимаратта  орналасқан.

«Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы,  демеушісі-  қасиетті  Қобда  елінің  азаматы  Исламбек  Төлеубайұлы  Салжанов –   «Алтын қыран»  халықаралық қайырымдылық  қорының  президенті.

"Жақсының жақсылығын айт, мерейі үстем болсын" дегендей адам баласына берілген өлшеулі ғұмырында ел игілігі үшін аянбай, өзінің  болашағын ойлайтын ,алға  үмітпен қарап, ұрпақ  тәрбиесінің  қамын  ойлап,  сол үшін жеке қаржысын халқымен бөлісіп, келешекке қызмет етіп келе  жатқан  азаматтардың бірі.

Қобда ауданын батырлар ауылы деп атайды. Ауданымыз үлкен болмаса да, Совет Одағының 8 батырына иеміз. Ауданымыздан 3 мыңнан астам адам соғысқа аттанды.Солардың көбі майданнан оралмады,ал кейбіреулері  орден және медальдармен марапатталды. Олардың  ішінде Ұлы Отан Соғысының батыры атағына ие болған  біздің жерлестеріміз:

Ә. Молдағұлова, М.Колесников, Н.В. Терещенко, И.Билтабанов, М.С.Прохоров, Н.Пятковский. Осы адамдардың ерліктері  Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады.

Балабақшаның  негізгі жұмыс бағыты: рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бойынша жұмыстар  жүргізе отырып,балаларды  өз елінің  тарихын  білуге, өз елінің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш  тұтуға, олардың ерлігіне тағзым етуге,отанын, отбасын, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

 Балабақша қызметiнiң  мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың дені сау, дербес,білуге құмар, көпшіл,креативті,сын тұрғысынан ойлауын  қалыптастыру және әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелеу  мен оқыту жүйесін қалыптастыру .

 Міндеттері:

1)Дамытушы орта ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік,эмоциональдық  денсаулығы  мен қауіпсіздігін қорғау және нығайту,оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;

2)Мектеп жасына дейінгі балалардың  танымдық қызығушылықтары  мен білуге құмарлықтарын,дербестікті,зияткерлік ынталарын қанағаттандыру,жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту;

3)Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды,дамыту мен білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша  кешенді шараларды ұйымдастыра отырып,тәрбиеленушілердің   білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;

4)Баланың өз бетінше таңдауын,күні бойы  өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ,бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалды бар дамытушы орта.

5)Балаларды еңбекқорлыққа, Отанын, отбасын, табиғатын сүюге тәрбиелеу

6) Инклюзивті білім  кеңестігі- ерекше білімді қажет ететін  баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,психологиялық –педагогикалық қолдаудың пракатикаға  бағдарланған  технологияларын  қолдану.

7) Ата-аналармен  өзара әріптестік іс-қимыл орнату  арқылы тәрбиелеу мен  білім беру процесіне тарта отырып ашықтықты, тығыз ынтымақтастықты және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыра отырып,балабақшаның  қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету.