qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz


“Қош бол,балабақшам!”-атты ертеңгілік арасында “Бас жүлде “ жеңіп алған «Ертегі” тобы бүлдіршіндері мен ата-аналарын құттықтаймыз



Жылыстап жеткен Жаңа жылымыз-төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын

Ақ таңымыз күлімдеп ата берсін



“Әкелер вальсі” -“Қонжық “ ортаңғы тобының ата -аналары!




Мерекелер мен сауық-кештер мектеп жасына дейінгі балаларды тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Балабақшамызда ойын- сауық, кештер,мерекелерді атап өту дәстүрге айналған.

Қоғамдық мереке

Балабақшамызда жыл сайын 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Мен өз елімнің патриотымын» «Тәуелсіздік- тұғырым», «Ата-заңым айбыным» атты танымдық сағаттар өткізіліп,патриоттық әндер орындалып,тақпақтар айтылып, балалар өз еліне,жеріне деген патриоттық сезімдерін көрсетеді. 1 мамыр -ынтымақ,достық,бірлік күніне байланысты ұлттар достығы би шеруі жалғасын табады. Балалар әр ұлттың киімін киіп,салт дәстүрін көрсетіп концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. 9 мамыр -Ұлы жеңістің мерекесіне орай балабақшамызда үлкен мерекелік іс-шара өткізіледі. Балабақша ұжымы Ұлы Отан соғысының және Ауған соғыс ардагерлеріне дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұйымдастырады.Осы мерекеде балалар әскери киім киіп сұм соғыс кезіндегі көріністерден үзінділер көрсетіп тақпақ,ән,билерін тарту етеді. Ал 8 -Наурыз айында аналар мерекесіне орай «Ана жүрегі» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылады,әдемі безендірілген залда балалар аналарына мерекелік көңіл-күй сыйлап қолдан жасалған өз сыйлықтарын тарту етеді. 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне орай үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып ата-аналар мен «Алтын қыран» қайырымдылық қорынан демеушілер шақырылады.Балалар тәрбиешілерге тақпақ пен әндерін айтып балабақшамен қоштасады. Ал демеушілеріміз әрбір бүлдіршінге мектепке қажетті сөмке мен оқу құрал-жабдықтарды сыйға тартады.

Тұрмыстық мереке.

Тұрмыстық мерекелер Жаңа жылдық шырша мерекесіне байланысты балабақшамызда «Жаңа жылдық хикая» атты мерекелік ертеңгілік өткізіледі.

Балалар Аяз–ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп сыйлықтар алады.

Ұлыстың ұлы мерекесіне байланысты «Армысың Әз-Наурызым» атты ертеңгілік ұйымдастырылып,бұл мерекеде балалар ұлттық қасиеттерді ұғына отырып әдет-ғұрып,салт-дәстүр,т.б бойынша әндер,тақпақтар айтып ,ұлттық билерін ортаға салып,ұлттық ойындар ойнайды.

Наурыз мерекесінде ата-аналар ауылдарға бөлініп,қазақ халқының салт-дәстүрі насихаттайды.Ыбырай ауылы - «Наурыз тілек» айтса,Абай ауылынан ата-аналар мен балалар жарапазан айтып жарысып, ал Шоқан ауылында «Наурыз жұмбақтар» жасырылады.

«Білім күні» -не орай аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен бірінші сыныпқа баратын жетім балалар, мүгедектердің, ата-аналарының қамқорлығысыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан, соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берген тұлғалардың балаларына қолдау көрсету мақсатында «Біз мектепке барамыз» атты акция өткізіледі.

Маусымдық мерекелер

«Алтын күз» маусымдық мерекеге орай «Бау бақшаның жанында» атты ертеңгілік ұйымдастырылып отырылады.Ертеңгілікте балалар күз мезгілінің ерекшелігін әдемі әндермен және тақпақтармен жеткізеді. Сонымен қатар «Алтын күз»атты көрме ұйымдастырылып,көрмеге ата-аналар белсенді қатысып марапаттауларға ие болды.

«Рахмет айту» мерекесіне орай балабақшамызда бүлдіршіндері өз қолдарынан жүрекшелер т.б сыйлықтар әзірлеп,балабақша қызметкерлеріне рахмет,ризашылық сөздерімен табыс етеді.Сонымен бірге эстафеталық жүрекшелерде жалғасын табады.

Ойын-сауық пен іс-шаралар.

Балалардың балабақшадағы өмірін қызықты кештер, жарыстар мейрамдарсыз елестете алмаймыз. Сондықтан «Толағай» отбасылық жарысы,«Масленица» т.б ойын-сауықтар өткізілуде. Ата-аналар мен балалардың арасында жыл сайын «Қыс қызығы»атты көрме өткізіліп, балалар мен ата-аналар бірлесіп бұйымдар жасайды. МАЙ қызметкерлерімен «Бағдаршам біздің досымыз» атты жол ережесін түсінуге бағыт-бағдар беріліп,бұнда балалар бағдаршамның түстерін ажырата білуге және түстерінің мағынасын түсіне біліп,жолда жүру ережелерін сақтау керек екендігін ұғынады. Ай сайын «Өміріміз ашық және жарқын болсын» тақырыбында «Музыка әлемі», «Мен –ғарышкер боламын»,«Біз шыныққан баламыз»,«Шахмат патшалығында» «Жас ғалым»атты апталықтар мен шаралар өткізіліп тұрады. «Жанартаудың атқылауы»атты тақырыпта тәжірбиелік жұмыс көрсетілді.Балаларымыз өте қызығушылықпен тәжірибиені орындай отырып Жанартаудың атқылау ерекшелігіне көздерін жеткізді. «Жер шарының құпиясы» апталығында тау-тастар құпиясы зерттеу сағаттары өткізілді. Лэпбук апталығында «Арктика әлемі» атты үзінді көрсетілім өткізді.Бұнда балалар жаңаша тәсілдерді қолданып,лэпбукпен әртүрлі тапсырмалар орындап өздерінің білімдерін көрсете білді.



11.11.22 1 11.11.22 1 11.11.22 1 11.11.22 1 11.11.22 1 11.11.22 1 11.11.22 1



26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51 26.10.22 51


26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21 26.10.22 21

26.10.22 12

22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1 22.10.22 1