qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz


Күннің бірінші жартысындағы өткізілетін жұмыстар.



Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы салауатты өмір салтын ұстанымын қалыптастыру, біріктірілген шынықтыру процедуралары арқылы балалардың денсаулығын нығайту, балалардың жаңа жердегі жағдайға тез бейімделуіне көмектесу.

Міндеті:

-Балалардың жеке денсаулығының деңгейін ескере отырып табиғат арқылы сауықтыру, комплексті әдістерді жүзеге асыру.

-мектеп жасына дейінгі балаларды шынықтыруда педагогикалық жағдайларды негіздеу және табу;

-мектепке дейінгі ұйымдарда баланы шынықтыруды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды құрастыру;

Топ тәрбиешілері жыл бойы шынықтыру шараларын өзгерте отырып жүргізеді, сонымен қатар фитокөпшіктер, ароматерапия, аромамедальондарды пайдаланады.

Денсаулығында функционалдық ауытқушылығы бар балаларды сауықтыру  үшін   дәстүрлі емес  және тәжірибеден өткізілген әдістерді қолдану жұмыс жоспары бар. Бұл әдістерге :

∙ Нүктелі массаж элементтері;

∙ Балабақшаларға ұсынылған саусақ және артекуляциялық гимнастика;

∙ А.Стрельникованың тыныс алу және дыбыстық гимнастикасы;

∙ М. Чистякованың психогимнастика әдісі;

∙ «Денсаулық жолы» бойынша жүру;

∙ Әртүрлі массаж құралдарын пайдалану;

∙  Хатха-йога жаттығуларының элементтері;

∙ Ароматерапия;

∙ А.Уманский мен К.Динейкидің  жаттығу элементтері;

∙ Шығыстың у-шу гимнастикасының элементтері.