qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

Ержанова Н. Тақырыбы :«Даналық әліппесі»

Маңыздылығы:Оқу тәрбие кешені халқымыздың рухани құндылықтарын бірізділіке жинақтаған тәрбие құралы ретінде баланың интеллектісін ерте жастан дамытуды көздейді.

«Interactiv Kazakstan» компаниясы даналықтың рухани көзі болып табылатын рухани жәдігерлерді жинақтап, жүйелеп, топтап «Даналық әліппесі» деген атпен жаңа «сөйлейтін қалам» технологиясы негізінде қолданысқа енгізіп отыр.

Аталған бағдарлама өмірге келген баланың рухани қажеттілігін қанағаттандыруда қолдануға икемді «сөйлейтін қаламның» көмегімен, бала бойына халқымыздың даналығын табиғи қалпында дарытуды көздейтін біртұтас жүйелі тәрбие құралы болып табылады.

«Даналық әліппесі» кешенінің мазмұнында қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымдары, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі, бабалар батасы енгізілді. Олар баланың туғаннан бастап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағдарланып, бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп беріледі.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Балалардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорларын молайту. Адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері:

  • балаларды бесік жырымен, аңыз әңгімелермен, қазақ ертегілерімен

таныстыру;

  • билер сөзі, аталар сөзі, нақыл сөздер туралы түсініктерін

қалыптастыру;

  • Қобыз үнін, домбыра күйін, халық әні, халық жырларын тындай

білуге машықтандыру;

  • Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, батырлардың

ерліктеріне қызығушылықтарын қалыптастыру, рухани құндылықтар арасында жан-жақты тәрбие беру.

Күтілетін нәтижелер:

-балалар берілген тақырыптың (билер сөзі,бабалар батасы т.б) мазмұнын түсінеді.

-қазақ халқына жат жақсы қасиеттерді меңгереді.

-адамгершілік, кішіпейілділік,мейірімділік қасиеттері бойында дамыған.

Жаманкулова Ж.Т,«Шахмат елінде ».

Маңыздылығы:.Бұл тұтастай бір әлем. Ол қисын мен сезімнің және өзінің шарықтауы мен жеңілуі, қуанышы мен өкініші бірге жүретін таңғажайыптар мен құмарлық әлемі. Балаға осы ғажайып әлемнің алтын кілтін сыйлау біздің қолымызда. Шахмат ойыны балалардың ойлау қабілетін нығайтады. Сонымен қатар олардың есте сақтау қабілеті дамып шынығады. Логикалық ойлауы мен әртүрлі шиеленіс мәселелерді шеше білу дағдыларын қалыптастырады. Топтарда қалыптасқан шахмат ойындарының түсініктерін кеңейту бағытында, балаларға шахмат ойындарын үйретуді жалғастыруға және игерілетін әдіс-тәсілдердің сатылып күрделендіріп өткізуге арналған «Шахмат патшалығында» бағдарламасы құрастырылды.

Бағдарламаның мақсаты:

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды шахмат ойындарына үйрету;
  • есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • ақыл-ой қабілеттерін арттыру;
  • қарсыласына сыйластық қарым-қатынас көрсетуге тәрбиелеу;

Бағдарламаның міндеттері:

  • бағдарламаға ежелгі шахмат ойындары әліпбиімен таныстыру арқылы шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • логикалық ойлауының пайда болуына, естің дамуына мүмкіндік туғызу;
  • логикалық-математикалық ойлауын дамыту;
  • кеңістік қатынасын (оң, сол, алға, артқа) бағдарлау іскерлігін қалыптастыру;
  • геометриялық қатынасын (тік, көлденең, қиғаш) белгілеу іскерлігін қалыптастыру;
  • өлшем бірлігін (ұзын, қасқа, қиғаш жолдарын) қолдану іскерлігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

- Шахмат ойындарының негізгі ережелерін және барлық шахмат фигураларының орындары мен жүрістерін білу.

-Есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шахмат ойыны туралы түсініктері қалыптасады.

-Шахмат алаңында оңға, солға, тік, көлденең, қиғаш жүру орындаушылық қабілеттері артады.

Елеманова Ш.Тақырыбы:"Ертегі аэробикасы".

Маңыздылығы:

Ырғақты гимнастиканың сабақтары психикалық үдерістің дамуына, көңілдің, еркіндіктің,шығармашылық қиядауына байыпты ықпал етуінде өзектілік жатыр.

Мақсаттар :

-мектепке дейінгі балалардың сүйек және бұлшық еттер жүйесін дамыту;

-баланың дұрыс сымбатын және табанын қалыптастыру;

-музыкалық жадын дамыту;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

-аэробикаға қызығушылықпен қарайды;

- өздігінен таныс жаттығуларды орындай біледі;

- жаттығуларды барлығымен бірге және музыканың шапшаңдығы мен серпімініне сәйкес орындайды;

- өздігінен өз орнын табады, шеңбер құрып,жұбын таба алады;

-басқа балалармен қимылды ойындар мен әрекеттерді ұйымдастыра біледі.

Р.Алдабергенова.«Сыр сандық».(Воскобович ойындарының элеметтері кіріктірілген)

Мақсаты: Воскобовичтің ойындары арқылы балалардың танымдық, логикалық, ойлау дағдыларын арттыру.

Міндеттері:

  • Балалардың танымдық қызығушылықтары мен зерттеу дағдыларын дамыту;
  • Байқағыштықтарын, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, назарлары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Балалардың эмоциялық бейнелегіштіктері мен логикалық бастаудың үйлесімді дамуы;
  • Қоршаған орта туралы көріністерін, математикалық түсініктерді, дыбыс құбылыстарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • бала ойын арқылы өзі де байқамай сандар мен әріптерді үйренеді;
  • түс пен түрді танып есіне сақтайды;
  • санауға, кеңістікті бағдарлауға үйренеді;
  • қолдың ұсақ моторикасын жаттықтырады;
  • тілін , ойын, зейінін, есін, қиялын жетілдіреді;
  • ойын тапсырмалары мен жаттығуларының вариативтігі.

Жаксыгарина З.«Маленькие флористы»

Цель;Развитие творческого потенциала дошкольников через нетрадиционные приёмы

и методы работы с природным материалом

Задачи:Развивающие:- Расширять знания о разновидностях цветов, атрибутах и материалах,используемых для создания букетов и композиций. - Формировать творческое мышление, умения и навыки, необходимые для создания творческих работ. - Развивать художественный вкус, фантазию, изобретательность. - Развивать желание экспериментировать, проявляя яркие познавательные чувства: удивление, сомнение, радость от узнавания нового.

Образовательные:- Закреплять и обогащать знания детей о разных видах творчества.

- Знакомить детей различными видами изобразительной деятельности,многообразием художественных материалов и приёмами работы с ними,закреплять приобретённые умения и навыки и показывать детям широту их возможного применения. Воспитательные: - Воспитывать трудолюбие и желание добиваться успеха собственным трудом. -Воспитывать внимание, аккуратность, целеустремлённость, творческую самореализацию.

Форма реализации; 1.Интегрированная образовательная деятельность по дизайну; 2.Изготовление поделок из бросового, природного материала, 3.Выставка детского творчества.

Ожидаемый результат- повысился интерес дошкольников к миру растений, - повысился интерес детей к миру профессий в целом; - повысилась компетентность педагогов и родителей в вопросах профессиональной ориентации детей. -Развитие пространственного мышления и умения ориентироваться в пространстве, творческого воображения, чувства цвета и стиля.

Торбай М.«Балалар дизайны »

«Балалар дизайны »бағдарламасы балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, табиғи материалдарды қолданып өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелей білуге үйретеді.

Мақсаты:мектеп жасына дейінгі балаларды дизайнер мамандығымен таныстыру және қолданбалы өнердің дәстүрлі емес әдістерін үйрету, шығармашылық қиялын, көркемдік қабілетін дамыту,эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе білулеріне машықтандыру.
Саусақ моторикасының дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету.
Ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастаған істі аяғына жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
-Дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу техникасын меңгерді, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды.

- Ой- өрісі кеңейді, жаңа материалдарды игеріп ( мата түрлері,жүн, тастар, моншақтар және т.б.материалдарды) оларды шығармашылықта қолдануға үйренді;шығармашылық қабілеттері шыңдалды;

-Суретші – дизайнер, модельер , тігінші кәсіптерімен танысты;