qrcode nurly bolashak khobda.edu.kz

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін лауазымға тағайындау үшін конкурс жариялайды:

1.Балабақша тәрбиешісі тұрақты бос лауазымына конкурс

МКҚК «Нұрлы болашақ»балабақшасы,Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы пошталық индексі 031000, электрондық поштасы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. телефоны 8-71-(341)-21-4-53 педагогтің тұрақты бос лауазымына конкурс жариялайды.

2. Бос лауазымының атауы: Балабақша тәрбиешісі (1 орын).

3. Лауазымдық міндеттері:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

Режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

Мектепке даярлау кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

4.Еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары: еңбек ақы мөлшері 135000тенге. (жалақыға есептелген төлем -ұсталымсыз)

5. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

6. Құжаттарды қабылдау мерзімі:05. 09. - 13. 09. 2022 жыл аралығында

(7 жұмыс күні)

Құжаттарды қабылдау уақыты (қағаз түрінде болса) - 09 00 - 18 00 сағ. аралығы

Үзіліс – 12 30 - 14 00 сағ. аралығында

Сенбі күні демалыс

Құжаттарды қабылдау орны: Балабақша директорының қабылдау бөлмесі

7. Педагогтің бос лауазымының мерзімі: Тұрақты

8. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Білуге тиіс:

Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

педагогикалық этиканың нормалары;

психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын, педагогтерін конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы, педагогы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығы негізінде құжат қабылдау аяқталған соң қағидада көрсетілген тәртіппен өткізіледі. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қ оағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.Осы көрсетілген тармақтарға сай конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагогтер көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түінде жолдайды.

Конкурска қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынылады.

Көрсетілген лауазымдарға орналасуға үміткерлер конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурс өткізу туралы хабарландыру білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде«Ақтөбе облысы, Қобда ауданының МКҚК «Нұрлы болашақ» балабақшасына мына мекен-жай бойынша тапсыруы қажет: Қобда ауылы, Астана көшесі, №45 үй.

Анықтама телефоны: 8(71341)21-4-53, электронды адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Конкурс балабақша тәрбиешісі